Біздің қазақ ат қойғыш халық қой.Біреудің бір бұрыс қылығын немесе басқа қырын байқап қалсақ жанама есім жапсыра қаламыз. Ырымшылдығымыз тағы бар. Күні кеше өткен саммитке байланысты сәбидің есімін саммитпен байланыстырып жатқандар да өз қазағымыз.
Менің бүгінгі әңгімем өзім өскен шағын ауылдағы(Қарағанды облысы ,Жаңаарқа ауданы, Ескене ауылы) маған түсініксіз есімдер.
1.Шоколад-осы есімге бала кезімнен таң қалып келе жатырмын.Әжесі марқұм ырымдап қойған деп естідім.Жасы 55 терге жуықтап қалған кісі.
2.Машура- мен ес білгелі Машура муғалім. Бала кезде түсінбедік.арабшадан аударғанда жиналыс,кеңес деген мағынаны береді деседі.
3.Мәкетай-бұл ол кісінің лақап есімі.Шын атын ешкім айтып жатқанын естімеппін.Азан шақырып қойған есімі Батсайы.әжелеріміз матаның осы түрі жайлы әңгіме арасында айтып жатушы еді.
4.Бір отбасының балаларының лақап есімдері қызық:монтыр,Боник,Абок,Әшөш,Ләкөт.Тағы бір қызығы шын есімдері керемет:Ерболат,Теміржан т.с.с кете береді.

Поделиться в соц. сетях